Жаңалықтар

Абай облысының азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Абай облысының азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: Ақорда 30.09.2022 12:11 887

Мемлекет басшысының 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен Абай облысының бірқатар азаматы елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін марапатталды, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Абай атындағы театр» КМҚК артисі Бекен Имаханов;

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Амантай Мұқатаев;

«Құрмет» орденімен «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС кран машинисі Светлана Александровна Пономарева;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қайнар Агро» ШҚ суару машиналарының операторы Михаил Михайлович Лебедев;

«Шапағат» медалімен «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Құдайбергенқызы Нұрғалиева наградталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға