Денсаулық сақтау министрлігі

Абай облысындағы жол апаты: Балаларға әскери ұшақпен медициналық бригада аттанды

Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға арнайы дәрігер мамандар тобы аттанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысы Үржар ауданында жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағымен құрамында реаниматолог, нейрохирург және травматолог бар медициналық бригада ұшты, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Абай облысындағы Бестерек ауылында 55 жастағы Toyota жүргізушісі көлікті басқара алмай, үй қақпасының жанында, жолдан он метр қашықтықта тұрған балалар тобына соғылған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген еді.