Абай облысындағы өртті сөндіруге 500-ден астам адам жұмылдырылды
Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm
19.06.2023 13:28
860
ТЖМ мен ЭТРМ күштері бірлесіп әуеден барлау және қарауылдау барысында анықталған түтін шығып жатқан орындарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт орындарында тұрақты қарауылдау жүргізілуде.
Жергілікті жерде ұшқышсыз ұшу аппараты көмегімен мониторинг жүргізілуде. Өртті сөндіруге 500-ден астам адам, 167 бірлік техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылуда, - делінген мәліметте.
Үш елді мекенде (Талица, Успенка, Бородулиха) орнатылған командалық-штабтық автомобильдер есебінен өрттің периметрі бойымен жағдайға мониторинг қамтамасыз етіледі.
Өрт басталғалы бері барлығы өрт ошақтарына 2 707 рет көлемі 7 951 астам тонна су төгілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға