Жаңалықтар

Абай облысындағы өртке байланысты халық ақша жинауда: қаржы министрі себебін түсіндірді

Абай облысындағы өртке байланысты халық ақша жинауда: қаржы министрі себебін түсіндірді
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 15.06.2023 14:21 876

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Абай облысындағы төтенше жағдайға неліктен министрліктен қаржы бөлінбей, қайырымдылық қорларынан қаражат жиналып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенат кулуарында журналистер Жамаубаевтан «Абай облысындағы төтенше жағдайға мемлекет резервінен қанша қаржы бөлінді? Бүгінді таңда қарапайым халық әдеттегідей, қайырымдылық жинақ ашып, қаржы жинауда. Осы орайда мынадай сұрақ туындайды, егер Үкіметте осындай төтенше жағдайларға арналған қаржы болса, неліктен халықтың жинаған ақшасы жұмсалып жатыр?» деп сұрады.

Өздеріңіз көргендей, көмек нақты түрде болды. Ол көмектер жапа шеккендердің отбасыларына арналған. Ал апатты жағдайлар мен төтенше жағдайлар кезінде қарастырылатын қаржыға келетін болсақ, әзірге есеп толығымен жасалмады. Себебі өңірдегі өрт әлі де толығымен сөндірілген жоқ. Бұл үшін арнайы Үкімет тарапынан да, Абай облысының атынан да резерв бар. Нақты сандары белгілі болған кезде қаражат мөлшерін айтатын боламыз. Сондай-ақ барлық шығынды жабатын боламыз, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға