Жаңалықтар

Абай облысындағы дала өрті үш күннен кейін сөндірілді

Абай облысындағы дала өрті үш күннен кейін сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 05.07.2023 11:01 846

Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Абай облысының және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілерінің бірлескен күш-жігерімен өрт бүгін сағат 07.15-те сөндірілді, - делінген мәліметте.

Кеше, сағат 19:00-де өрт оқшауланғаны туралы хабарланды.От 2 шілде күні сағат 11.00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде тұтанды.

Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғарыштан жасалған түсірілімге сәйкес, тілсіз жау 910 гектарға жуық жерду шарпыды.

Өртті сөндіруге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға