Жаңалықтар

Абай облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандар жайы тексерілді

Абай облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандар жайы тексерілді
Фото: Абай облысының әкімдігі 21.11.2024 21:48 523

Абай облысындағы әлеуметтік нысандар тексерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік делегациясы Бесқарағай ауданындағы бірқатар оқу орындарының жұмысымен танысты. Мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға, білім сапасын арттыруға және оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға ерекше көңіл бөлінді. Ауданның әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуде білім беру мекемелерінің даму келешегі және инфрақұрылымын жаңғырту қажеттігі айтылды.

Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыруда және білім сапасын көтеруде маңызды рөл атқаратын ваучерлік қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажет. Біз әрбір адамның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан өз әлеуетін толық пайдалануға жағдай жасауымыз керек, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Ауыл шаруашылығы және басқа да салалар үшін мамандар даярлайтын Бесқарағай колледжі өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Қазір колледжде алты бағытта 221 студент білім алуда, жаңа мамандыққа лицензия алу жұмысы жалғасуда. Ауданда барлығы 21 мектеп болса, оның 16-сы шағын мектеп. Онда 3 мыңға жуық оқушы оқиды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аудан орталығында 300 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.

2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Достық үйінің аудан өмірінде алар орны ерекше. Мұнда төрт этномәдени бірлестік, Аналар және қоғамдық келісім кеңестері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен медиация бұрышы жұмыс істейді. 2024 жылы Достық үйінде 228 іс-шара ұйымдастырылып, оған 4200-ден астам адам қатысты. Өңірде 28 ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл этносаралық келісімді, тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Ауданның мәдениет саласында 31 мекеме бар. Олардың көпшілігі жөндеуді қажет етеді. Соңғы екі жылда Бозтай, Кіші-Владимировка, Қоянбай, Өндіріс, Долон, Бөкебай, Бөдене ауылдарында жаңа ауылдық клубтар пайдалануға берілді. Дегенмен, көптеген мәдени нысан жөндеуді қажет етеді. 2024 жылдың 10 айында халық шығармашылығын дамытуға және жастармен жұмыс жасауға бағытталған 450-ге жуық мәдени іс-шара өткізілді. Осы жылдың 10 айында мұнда халық шығармашылығын дамытуға және жастармен жұмыс жасауға бағытталған 450-ге жуық мәдени іс-шара өткізілді.

Бесқарағай ауданында 42 спорт нысаны жұмыс істейді. 2024 жылы Бозтал және Канонерка ауылдарында шағын футбол алаңдары, Кіші-Владимировка ауылында футбол алаңы салынды. Алдағы жылдарға ауқымды жұмыс жоспарлануда. Оның ішінде модульдік спорт залдарын салу, оқу-жаттығу базаларын құру, жастар мен ересектерге арналған спорт секцияларының қолжетімділігін кеңейту, оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу және жаттықтырушылар біліктілігін арттыру жоспары бар. Қазір ауданда жүзу бассейнінің құрылысы басталып кетті. Құрылыс жұмысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға