Жаңалықтар

Абай облысындағы ауданда жабық хоккей корты салынады

Абай облысындағы ауданда жабық хоккей корты салынады
Фото: Абай облыстық әкімдігі 08.01.2024 00:34 773

Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданы Новая Шульба ауылындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ арнайы аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ әкімі мекеменің қазіргі жағдайымен танысып, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдап, тәрбиеленушілермен тілдесті.

Бүгінде орталықтың тәрбиеленушілері инновациялық жобаларды әзірлеумен белсенді айналысады. Өз кезегінде облыс әкімі жуық арада Семейде ІТ-колледжі ашылатын жеткізіп, балаларға цифрлық жобаларды әзірлеуді жалғастыруға кеңес берді.

Қазіргі уақытта IT саласы қуатты әлеуметтік бағыт болып саналады және біздің аймақ осы салаға ерекше назар аударып отыр. Жаңа колледж Абай өңіріндегі болашақ IT мамандарын оқытудың негізгі буыны болады. Десекте, біз мұнымен тоқтап қалмай тағы да маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Егер өз болашақтарыңызды осы саламен байланыстырсаңыздар, біз сіздерді қолдауға дайынбыз, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Қазіргі уақытта орталықта 40-тан астам тәрбиеленуші тұрады. Орталық 3 жастан 18 жасқа дейінгі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға, сондай-ақ физикалық және психикалық дамуында ауытқулары бар балаларға қолдау көрсетеді.

Балаларды жан-жақты дамыту мақсатында орталықта шығармашылық және спорттық бағыттағы 20-дан астам үйірме мен секция жұмыс істейді. Мысалы, хореография, тілашар, intellectum, бейнелеу өнері, журналистика, робототехника бағытындағы үйірмелер балаларға әлеуметтік бейімделуге және өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Қолдау орталығының аумағында спорттық-ойын алаңдары да орналасқан.

Мұнда тәрбиеленушілердің жайлығы мен қауіпсіздігі үшін: бейнебақылау камералары, жылу қазандығы, кір жуатын орын орнатылған, орталықтың аумағы толығымен қоршалған, жарықтандыру және т.б. жүргізілген.

Жақын уақытта балалардың қыста спортпен шұғылдану үшін жабық хоккей кортын салу жоспарлануда. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Анықтама: мекеме 1985 жылы салынған. Жалпы ауданы - 1680 шаршы метр. Орталықта 75 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде педагогикалық ұжым 25 адамды құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға