Абай облысының құтқарушылары жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне 1977 жылы туған ер адам атпен Тарбағатай ауылынан Ақши ауылына қарай жолға шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖМ құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп Иргебай қыстауынан 10 шақырымында орналасқан Мыңбұлақ қыстауында жоғалып кеткен шопанды тапты. Ол тексеру үшін ауылдық ауруханаға жеткізілді, - делінген мәліметте.
Ведомство дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда, елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

