Абай облысында жас таланттарға 1 млн теңгеден грант берілді
13.12.2024 04:30
Фото:
Абай облысы әкімдігі
Абай облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конкурсқа облыстың қалалары мен аудандарындағы дарынды жастардан 150-ге жуық өтінім келіп түскен. Комиссия үздік 5 жобаны таңдап алды. Олардың әрқайсысы өз жобасын іске асыруға 1 млн теңгеден иеленді.
Гранттар бизнес, медиа, мәдениет, ғылым және ақпараттық технологиялар сияқты 5 бағыт бойынша берілді.
Мемлекет басшысы біздің жалынды жастарға сенетінін әрдайым айтып жүреді. Бүгінгі марапат-сіздердің жобаларыңыз үшін қоғамның сенімінің айқын көрсеткіші. Баршаңызға жаңа жетістіктер мен идеялар тілеймін, - деп атап өтті Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемағұлов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

