Абай облысында жарысқа бара жатқан спортшылар эвакуацияланды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
13.01.2023 11:45
1102
Кеше 12 қаңтарында "112" пультіне Өскемен-Алматы тас жолының 25 км-де Аягөзге жетпей эвакуациялауды қажет ететін ішінде 19 спортшысы бірге "Газель" маркалы автокөлігінің сынғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 1 "ВАХТА" жоғары өтімді техникасымен жеке құрамның 4 адамы дереу жолға шықты. Оқиға орнына келгеннен кейін Аягөз қаласының №13 ӨСБ қызметкерлері жалпы саны 22 адам, оның ішінде 12 бала бар 1 Газель мен 3 жеңіл автокөлікті эвакуациялады.
Медициналық көмек қажет болған жоқ. Кейін құтқарушылар адамдарды Аягөз қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне орналастырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балағат сөздерге салынатын айыппұл нормасы түсіндірілді