24.kz

Абай облысында жаңа әлеуметтік жоба басталды

06.12.2022 03:39

Абай облысында желтоқсан айынан «Tabysty otbasy» әлеуметтік жобасы басталды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

 «Отбасы» әлеуметтік-мәдени қоры тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың мүшелерін, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналарды және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 29 жасқа дейінгі жас азаматтарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға бағытталған бағдарламаны іске асырмақ. Негізгі мақсат – табысты ұлғайтуға жәрдемдесу, жобаға қатысушылардың санасын өзгерту, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, – делінген хабарламада.

Жобаның бірегейлігі – әр жоба қатысушысына жеке даму картасын құру және қолма-қол ақша бермей өз ісін ашуға мүмкіндік беру. Оқыту бес бағытты қамтыған. Атап айтқанда сұлулық саласы, әлеуметтік желілерді сүйемелдеу, тігінші, автодәнекерлеуші және кондитер дайындау бойынша жүргізіледі.