Абай облысында жалған хабарламаға байланысты екі оқушы есепке алынды
27.01.2024 17:12
Фото:
Видеодан алынған кадр
Оқушы-әзілкештердің ата-аналары 30 мың теңгеден айыппұл төледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 17 қаңтарда Абай облысында болды. Полиция террористерді тұтқындау туралы хабарламаға байланысты мекемені қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Кейінірек мектепте террористік акт туралы 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірім хабарлағаны белгілі болды, олар жедел арнаға қоңырау шалды.
Сәтсіз әзіл жазаға әкелді. Арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.
Екі оқушы есепке алынды, олардың мінез-құлқы енді ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

