©El.kz

Абай облысында зардап шеккен балалардың екеуі ауыр халде жатыр

2025 жылдың 21 тамызындағы таңертеңгі жағдай бойынша Абай облысынан Астанаға жеткізілген балалар әлі де ауыр халде жатыр. Екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

9 жасар қыз бен 6 жасар баланың жарақаты ауыр, көптеген сүйегі сынған. Оларға қажетті барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, тиісті тексерулер мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жағдай дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі 21 тамыз күні таңертең.

Зардап шеккендердің үшіншісі – 9 жасар қыздың жағдайы тұрақсыз. Ол Абай облысының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологының бақылауымен стационарда қалдырылды.

Еске сала кетейік, 19 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында 55 жастағы Toyota жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан ол үй қақпасының жанында тұрған алты баланы қағып кеткен. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды.

Toyota жүргізушісі қағып кеткен екі бала санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, жол апатында көз жұмған балалар туыстарының үйіне қонаққа келген.