Жаңалықтар

Абай облысында Ұлыстың ұлы күніне орай 500-ден астам шара өтеді

Абай облысында Ұлыстың ұлы күніне орай 500-ден астам шара өтеді
Фото: El.kz 21.03.2023 11:12 779

Әртүрлі форматтағы мерекелік шаралар салт-дәстүрді жаңғыртуға, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Наурыз – халқымыз үшін маңызы жоғары мереке. Ең әуелі Наурызды тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі ретінде қараған жөн. Осыған орай жалпыреспубликалық «Таза табиғат» акциясы басталды. Жоспарда барлығы 500-ден астам шара қарастырылған. Оның ішіндегі ауқымы жағынан негізгі шаралар саны – 50. Семей қаласының түкпір-түкпірінде ұлттық салт-дәстүрді паш ететін тақырыптық шаралар ұйымдастырылады. Наурыз - мейірім мен қайырымдылықтың да мерекесі, сол себепті облыста қайырымдылық акциялары да өткізілмек, - дейді Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.

21 наурызда қала шетінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты шара өтеді. Ал басты мереке 22 наурызда басталады.

«Биыл Ұлыстың ұлы күнінде қаланың Степной, Шығыс, Водный, Дальный, Юность секілді шет аудандарында да мерекелік шаралар ұйымдастырылады. 22 наурызда театр және филармония әртістері шаһар тұрғындары алдында өнер көрсетеді. Мерекеде тарихи тұлғалардың есімдерімен аталатын 12 киіз құрылады, – дейді Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға