Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
06.11.2023 16:05
983
Оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады. Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген.
Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек.
ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген орын алса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада еркін күрестен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды