Абай облысында құтқару жұмыстары жүргізілді
Фото: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
16.01.2023 14:21
1053
Кеше таңғы уақытта "112" пультіне Сұлусары ауылы ауданындағы Өскемен-Алматы тас жолында бірнеше көлік қар құрсауында қалғаны және 6 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті , деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға орнына дереу №14 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының 3 адамы өтімділігі жоғары "КУНГ" техникасымен жіберілді.
Жол бойында қар құрсауында қалған жеңіл көліктерден 7 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 бала, құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Қалбатау ауылына келгеннен кейін адамдар "Арнау" қонақ үйіне орналастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды