Абай облысында қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан екі әйел жауапқа тартылды
17.08.2024 11:37
Фото:
Абай облыстық ПД
Екі әйелдің қоғамдық орында өзгелерге құрметсіздік таныту арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқаны туралы таралған видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық ПД аталған видеоға қатысты пікір білдірді.
Полиция қызметкерлері келгеннен кейін әйелдер заңға қайшы әрекеттерді тоқтату және одан әрі қарау үшін полиция бөліміне бару туралы заңды талапты орындамай, тәртіп сақшыларына қызметтік міндеттерін орындау кезінде бағынбаған.
Қазіргі уақытта әйелдер ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

