Жаңалықтар

Абай облысында психикалық дерті бар науқастар көлік жүргізген

Абай облысында психикалық дерті бар науқастар көлік жүргізген
Фото: © Polisia.kz 28.12.2023 18:08 1392

Абай облысында көлік құралдарын жүргізуге құқықты психикалық аурулары бар 78 адам анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында талдау жүргізді. Айтуларынша, көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы болып саналады.

Мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) талабы бойынша сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан, жарамды жүргізуші куәлігі бар, - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша олардың 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалған тұлғалармен жұмыс жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға