Жаңалықтар

Абай облысында прокуратура бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады

Абай облысында прокуратура бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады
Фото: © El.kz 17.08.2024 03:28 557

Абай ауданының прокуратурасы ерікті қоныс аудару бағдарламаның қатысушымен 4 млн теңге жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекетпен қоныс аударушыға тұрғын үйді сатып алуға, құрылысқа немесе ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна үшін 1 160 АЕК-тен аспайтын ақшалай нысанда материалдық көмек көрсетіледі.

Анықталғандай, қоныс аударушы үй иесінен іс жүзінде баспана сатып алмай, жеке пайда алу үшін жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу туралы жалған мәміле жасаған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша аудан прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, мемлекетке келтірілген залал өтелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға