Жаңалықтар

Абай облысында прокуратура ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің құқықтарын қорғады

Абай облысында прокуратура ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің құқықтарын қорғады
Фото: © El.kz 11.11.2023 14:45 863

Прокуратура Абай облысының ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің құқықтарын қорғады. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға санитарлық қорғау аймағынан тыс су объектілерінде және су объектілерінің ластануы мен бітелуіне жол бермейтін суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болған кезде рұқсат етіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

       Алайда Абай облыстық мәслихаты өз шешімімен жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескермей, облыстың барлық су айдындарында суаруға тыйым салған жануарларды ұстау ережелерін бекіткен.

       Бұл шешімнің өзі заңсыз ғана емес, оны оырндау да мүмкін болмады, себебі ол мал өсірушілерді су айдындарына табиғи қол жетімділіктен айырады және малды суаруды қиындатады.

       Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша Ереженің талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.

       Осылайша, 7 000 шаруа қожалықтарының және жеке тұлғалардың шексіз тобының құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға