Жаңалықтар

Абай облысында өртеніп жатқан құрғақ шөп толығымен сөндірілді

Абай облысында өртеніп жатқан құрғақ шөп толығымен сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ 10.07.2023 18:02 780

2023 жылғы 10 шілдеде сағат 17.23-те Бесқарағай ауданында құрғақ шөптің жануы толығымен сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өртенген учаскенің ауданы 4,5 гектарды құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД, ЖАО және "Семей Орманы" МОТР құрамында 30 адам және 7 бірлік техника бар күштер мен құралдар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 12:35-те "101" пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықтады.

Қазіргі уақытта қарауылдау үшін ЖАО өкілдері орнында қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға