Жаңалықтар

Абай облысында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын салған

Абай облысында науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын салған
Фото: pixabay.com 30.07.2024 15:45 460

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттары салынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы белгілі болды. Сонымен қатар ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері болған, - делінген хабарламада.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға