Абай облысында мас күйінде көлік айдаған жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
25.02.2023 15:00
876
Абай облысында мас күйде көлік айдаған жүргізушінің қашқан сәті бейнебақылауға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам патрульдік көлікті байқағанда қозғалтқышты іске қосып, қозғала бастаған. 100 км/сағ жылдамдықпен ол Аягөз қаласында жасырынуға тырысқан.
Қысқа қуғыннан кейін жүргізуші тоқтатылады. Ол мас күйде ВАЗ 2115 көлігін басқарған 28 жастағы жүргізуші болып шықты. Оның мас күйде болғаны расталды.
Көлік арнайы автотұраққа қойылды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана әкімі «Көктал-1» елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Келесі жаңалық
Щучинскте жеке үй ауласындағы моншада өрт шықты