Абай облысында күнбағыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
14.04.2025 23:10
Фото:
Видеодан кадр
Бүгін, 14 сәуірде күндіз Абай облысында күнбағыс қабығы жанып, өрт шыққан болатын. Төтеншеліктер қызыл жалынды сөндіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметіше, оқиға орнына суды үздіксіз беру қамтамасыз етілуде. Қазіргі уақытта суды төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жағдайды тұрақтандыруға және өрттің одан әрі таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша өрт шыққан жерге ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Әуе кемесін қолдану өрттің таралуына жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, өрт сөндірудің жылдамдығы мен тиімділігін арттырады.
Өрттің ауданы анықталуда.
Күнбағыс қабығы жанып жатқаны туралы бұған дейін жаздық.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

