Абай облысында көктемгі қар суының алдын алуға дайындық басталды
28.02.2024 06:46
Фото:
Абай облысының әкімдігі
Абай облысында көктемгі су тасқына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бесқарағай ауданында республкалық және облыстық маңызы бар жолдарды, ауыл іші көшелерін, аулаларды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінде аудан көлемінде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдарды себуге 10-ға жуық техника мен 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылды. Жалпы ұзындығы 240 км елді мекендердің көшелері мен аудандық маңызы бар жолдарды қардан тазаланып жатыр.
Қар тазалау жұмыстары барлық елді-мекендерде қолға алынған. Бүгінде Бесқарағай ауданында 10 ауылдық округ және 28 елді-мекен бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

