Абай облысында ірі есірткі тобы ұсталды
23.09.2022 04:54
Фото:
aikyn.kz
10 қыркүйек күні аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен бір топ жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz ІІМ-не сілтеме жасап.
Полицейлер елді мекеннен 25 км қашықтықта шамамен 8,5 га болатын күнбағыс егілген алқапты тауып, есірткі сатушылардың оның ортасында қарасора бұталарын өсіргенін анықтады.
Ұсталған 11 адамның 8-і еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындары болып шықты. Олардан 104 келіге жуық марихуана, 2000-нан астам қарасора бұталары, бұрын ұрланған деп жарияланған 2 атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

