Жаңалықтар

Абай облысында имам 11 жастағы баланы көлігімен қағып өлтірді

Абай облысында имам 11 жастағы баланы көлігімен қағып өлтірді
Фото: pixabay.com 17.10.2024 15:53 619

Абай облысында 44 жастағы жүргізуші 11 жастағы баланы басып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 қазанда Toyota RAV-4 маркалы көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші Үржар ауылының Гагарин көшесімен келе жатып, 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оқиға салдарынан Үржар ауданының орталық ауруханасында бала қайтыс болды.

Осы факт бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Тергеу барысы Абай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға