©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Абай облысында халық саны азайған

23.08.2025 02:15

2025 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша Абай облысындағы халық саны 599,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 374,3 мың (62,4%), ауылдықтар – 225,2 мың адам (37,6%). 2025 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,3 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Халықтың табиғи қозғалысы

Облыстық әкімдік мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-маусымда Абай облысы халқының табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-маусымда салыстырғанда (2086 адам) 38,4%-ға азайды, 1286 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,33 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2025 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 3956 адамды құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 17,0%-ға аз (4767). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті  13,31  туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2670 адамды құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-маусым қарағанда 0,4%-ға аз (2681 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,98 қайтыс болғандарды құрады, - делінген мәліметте.

2025 жылғы қаңтар-маусымда облыста 1 жасқа дейін шетінеген 28 нәресте тіркелді және 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (47 шетінеген нәресте) 40,4% есе азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,08 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2025 жылы қантар-маусымда облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 6326 адамды, елімізден кеткендердің саны - 10995 адамды,  көші-қонның айырымы – 4669 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны -31 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 77 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 64,6%  және 87,5% құрады.  Осының келгендермен  және кеткендердің көп бөлігі Рессей Федерациясына тиесілі, - деп қосты әкімдік.

Алыс шетел елдерімен оң сальдо, облысқа келгендер - 17 адам құраса, кеткендер саны - 11 адам.

Облыс  ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 6278 адамға азайған, келгендер - 10907 адам құраса, кеткендер -  4629 адам құрады.