Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай облысындағы Үлкенбөкен және Үлгілімалшы ауылдарында жаңа үйлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үлкенбөкен ауылында - 20, Үлгілімалшы ауылында 8 отбасы қоныс тойын тойлады.
Әкімдіктегілер ауданы 85 шаршы метрді құрайтын үйлер заманауи талаптарға сай салынғанын атап өтті. Отбасылар үшін барлық жағдай жасалған.
Бұл көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарды қолдауға бағытталған. Жергілікті билік бұл баспаналар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен тұрғын үй мәселесін шешу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Ана ретінде көпбалалы отбасымыздың нағыз жайлы ұясы болатын үйді армандайтынмын. Жаңа үй алу - үлкен қуаныш. Қазір балаларымның әрқайсысының ойынға, оқуға және демалуға арналған өз алаңы бар, – дейді үйлі болған Динара Кәрімова.
Айта кетерлігі, Көкпекті ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында және меморандумдық келісіммен кезекте тұрғандар үшін 50 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.