Абай облыстық ПД

Абай облысында бір апта бұрын жоғалған ер адам әлі табылмады

Абай облысы Малая Актюба маңында 57 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жергілікті тұрғын 25 шілде күні орман алқабына шығып, содан бері қайта оралмаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Іздеу жұмыстарына учаскелік инспекторлар, жедел қызметкерлер, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, кинологтар және туыстары жұмылдырылып отыр. Ал 31 шілдеден бастап Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де тартылды. 

Жалпы саны 120-дан астам адам жұмылдырылған. Қиын жерлерде квадроциклдер мен дрондар, орман алқаптарын шолуға қызметтік иттер пайдаланылуда. Іздестіру топтары орман ішін шеп құрып, 5 шақырымнан астам тереңдікке дейін жаяу тексеріп шығады. Батпақты және қалың орманды аумақтар қамтылуда. Іздеуге еріктілер де белсенді қатысып жатыр. Іздеу жұмыстары жалғаса бермек,-деп атап өтті полициядан.

Абай облысы Полиция департаменті жоғалған тұрғын Ардақ Байдүйсеннің  қайда болуы мүмкін екені туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда бірден «102» нөміріне хабар беруді сұрайды.