Абай облысында ауылдарды су басып жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
12.02.2024 11:00
1006
Абай облысында 11 ақпанда таулы беткейлерден қардың көп еруі себебінен көше бойында орналасқан арықтар еріген суға толды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі «Көк Кемер» қыстауындағы 5 аула учаскесін және Ақсуат ауданының Қызыл-Кесік ауылындағы 7 аула учаскесін су басқанын мәлімдеді.
Арықты мұз кептелістерінен тазарту жұмыстары мен инертті материалы бар қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су басқан жерлерде Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқару органдарының 30-ға жуық адамы және 7 техника, 4 мотопомпа жұмыс атқаруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Тілі ұзын» әйеліне ерегіскен жігіт бірден 4 қызға үйленді
Келесі жаңалық
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды