Жаңалықтар

Абай облысында ауыл шаруашылығы жануарларына екпе салынып жатыр

Абай облысында ауыл шаруашылығы жануарларына екпе салынып жатыр
Фото: Абай облысының әкімдігі 16.11.2023 00:24 735

Абай облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы өңірде эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары аясында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулерді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде жоспарға сәйкес вакцинация 85,4%-ға, диагностикалық іс-шаралар 72,7 %-ға орындалды. Сондай-ақ, 2024 жылға арналған аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинация мен диагностикалық зерттеулердің жоспар жобасы әзірленді.

Облыс көлемінде барлық ауыл шаруашылығы жануарлары толық бруцеллез ауруына тексерілді. Талдау нәтижесінде ірі қара мал арасында 0,4 %, ұсақ мал арасында 0,06%-ды құрады.

Айта кетсек, қазіргі облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауіпті ауруларға (сібір жарасы, аусыл, нодулярлық дерматит және т. б.) қарсы вакцинациялау толық қамтылған.

Биыл облыста тұрақты эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданының Мақаншы, Қабанбай, Үржар, Таскескен, Бақты

Өңірде 134 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Елді мекендерде ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін 115 арнайы орын бар, оның ішінде 15 мал бекіткіш (Абай ауданы -1, Бесқарағай ауданы -3, Бородулиха ауданы - 2, Үржар ауданы - 6, Семей -3) осы жылы қолданысқа берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға