Жаңалықтар

Абай облысында ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді

Абай облысында ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді
Фото: © El.kz 25.07.2023 05:05 1905

Абай облысында жыл басынан бері 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, өңірде әлеуметтік-экономикалық дамуда тұрақты өсім байқалып отыр.

2023 жылдың алғашқы алты айында аймақ кәсіпорындары 673,6 млрд теңгеге өнім өндірді. Негізгі үлесі – 56,3% тау-кен өнеркәсібі және кен орындарын қазуға тиесілі. Ал өңдеу өнеркәсібінде 269,2 млрд теңгеге өнім шығарылды. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді. Бұл салада жалпы өнім көлемі 143,7 млрд теңгені құрады, - делінген ақпаратта.

Абай облысында егіс егу науқаны толығымен аяқталған. Оның жалпы ауданы – 654,2 гектар.

Оның ішінде дәнді дақылдар – 297,3 мың гектар, майлы дақылдар – 306,2 мың гектар, картоп – 7,7 мың гектар, көкөністер – 3,6 мың гектар, бақша дақылдары – 2 мың гектар. Инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен алты айда өңірге 230,5 млрд теңге тартылған. Облыста құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 130,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, - делінген хабарламада.

Бірінші жартыжылдықта облыста 11 773 жұмыс орны құрылды. Оның 7 242-сі тұрақты.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу үшін 12 282 адам жүгінген. Оның ішінде 6 512 адам жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3 074 адам жіберілді, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға