Жаңалықтар

Абай облысында әскери міндеттілердің жиыны аяқталды

Абай облысында әскери міндеттілердің жиыны аяқталды
Фото: Қорғаныс министрлігі 17.08.2024 15:35 569

Абай облысында әскери жиын аясында 1,5 мың әскери міндетті "Шығыс"оқу-жаттығу полигонында өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әскери міндеттілердің кезекті жиыны Қарулы күштерді даярлау жоспарына сәйкес өткізілген. Қорғаныс министрлігі жиынға қатысушылар 41 әскери-есептік, атап айтқанда мотоатқыштар, танк, артиллерия, зениттік бөлімшелер, жауынгерлік, тылдық және тактикалық қамтамасыз ету мамандары, сондай-ақ жауынгерлік машиналардың механик-жүргізуші мамандықтары бойынша қайта дайындықтан өткенін айтты.

Іс-шараның жабылу салтанатында сөз сөйлеген "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов әскери міндеттілердіі жиыны елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. 

Мұндай жиындар Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыруда, әскери міндеттілердің білімін толықтырып, дағдыларын жетілдіруде ерекше орын алады. Сіздер армияда бір ай қызмет етіп, Отан алдындағы парыздарыңызды абыроймен орындадыңыздар. Отбасыларңызға да нағыз патриот ретінде ораласыздар, – деді полковник Жеңіс Маралов.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы оқу-жаттығу жиындары барысында ынта-жігері мен жауапкершілік танытқан, сондай-ақ спорттық іс-шараларда ерекшеленген бірқатар әскери міндеттілерді марапаттады. Олар полковник Жеңіс Мараловтың қолынан грамоталар, сондай-ақ Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» және Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» кітаптарын алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға