Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауып тұр. Ал батысы мен шығысында көктайғақ байқалады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, кей өңірлерде жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Патрульдік полиция қызметкерлері жолдардағы жағдайды бақылап, тікелей эфирде түсірілім жүргізіп жатыр. Қатты желдің салдарынан инспекторлардың ескертпе сөздерін тұрғындарға жеткізу қиын болып отыр.
Полиция департаменті жүргізушілерге мынадай ескерту жасайды:
- қозғалыс жылдамдығын төмендетіңіздер;
- көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар;
- қысқы дөңгелектерге уақытылы ауысыңыздар.
Құқық қорғау органдарының өкілдері атап өткендей, бұл қарапайым ережелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірін сақтауға көмектеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

