Абай облысында адасқан малшы аман табылды
29.12.2024 13:41
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін түнде 112 пультіне Жарма ауданындағы «Қаратоған» шаруа қожалығынан мал бағуға шыққан 1981 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дереу іздестіру жұмыстарын бастап, адасқан малшыны тауып, туыстарына аман-есен жеткізді. Ер адам зардап шеккен жоқ.
ТЖМ ауа-райы нашарлаған жағдайда дауылды ескертулерге назар аударып, елді мекеннен тыс жерлерге шығудан бас тартуға кеңес береді.

