Жаңалықтар

Абай облысында 98 жастағы ардагерге "Құрмет" ордені берілді

Абай облысында 98 жастағы ардагерге "Құрмет" ордені берілді
Фото: Абай облысының әкімдігі 29.10.2023 16:51 898

98 жастағы облыс тұрғыны Әбдеш Имаханов салтанатты іс-шараға қатыса алмағадықтан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев еңбек ардагерінің үйінк арнайы келіп құттықтап, «Құрмет» орденін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әбдеш Имаханов Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Жүзді алқымдаған ақсақалдық мұрасы бүкіл өңірдің мақтанышы десе артық емес.

Әбдеш Имаханов өзінің бар ғұмырын туған өңірін көркейтуге арнады. 1970-1978 жылдар аралығында ауылдық кеңесті басқарып, ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Еділбай қойының тұқымын жаңғырту бағытында үлкен жұмыс атқарды. Осы саладағы жетістіктерінің арқасында совхозға «асыл тұқымды мал өсіргені» үшін сертификатпен берілді. 2002 жылы Әбдеш Имаханов Қасқабұлақ ауылдық округіндегі «Шиліөзек» учаскесінде «Әбдеш ата» атты жеке шаруа қожалығын құрды.

Ақсақалдың жеткен жетістігі ауыл шаруашылығындағы қажырлы еңбегімен ғана шектелмейді. Әбдеш Имаханов өзінің көпбалалы отбасымен мақтанады. Ардагер 10 бала өсіріп, бүгінде 37 немере, 24 шөбере сүйіп отыр. Еңбек ардагерінің отбасылық құндылықты дәріптеуі және қоғам өміріне белсене араласуы болашақ ұрпаққа үлгі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға