Жаңалықтар

Абай облысында 8 жасар бала жоғалып кетті

Абай облысында 8 жасар бала жоғалып кетті
Фото: Polisia.kz 11.02.2024 21:32 1119

Абай облысында полиция 8 жасар баланы іздестіруде, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлының іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді. Таңертең атпен үйден шығып кеткенін хабарлады.

Туыстарының айтуынша, сағат 10.00 шамасында 8 жасар бала мал іздеп атқа мінген. Кешке бала үйде болмаған кезде, алаңдаған ата-аналар өз бетінше іздеулер жүргізді, бірақ оң нәтиже бермей, полицияға жүгінді.

Баланы іздеу дереу басталды, 15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы көтерілді. Полицейлерден басқа іздестіруге еріктілер, жұртшылық және ауданның қамқор тұрғындары белсенді қатысуда.

Баланы іздестіру ауа-райының жағдайы қиындатады, жедел-іздестіру іс-шаралары облыстың көрші елді мекендері мен аудандарының аумағында да жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға