Абай облысында 3 мың гектарға жайылған өрт басылды
17.07.2023 11:49
Фото:
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысында құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17 шілде күні 07:14 шамасында Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жалын шарпыған аймақ - 3 000 гектар.
Қазіргі уақытта сөндіру жұмысы жерүсті әдісімен жүзеге асып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Тілсіз жаумен күреске жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күш-құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні «101» пультіне Семей қаласынан 75 км жерде Көкентау ауылдық округінде таулы жерде құрғақ шөптен өрт шыққаны туралы хабар түскен болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

