Жаңалықтар

Абай облысында 2025 жылға дейін облыстағы 800 шақырым жолға орташа жөнделеді

Абай облысында 2025 жылға дейін облыстағы 800 шақырым жолға орташа жөнделеді
Фото: Абай облысының әкімдігі 19.08.2023 18:56 868

Абай облысының әкімі Нұрдан Ұранхаев бірінші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін таныстырып, жыл соңына дейін межеленген міндеттер туралы баяндады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай облысы негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқынынан көш бастап тұр. Облысқа 260 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, өсім 154,3% құрады. Абай ауданына 4 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жетістіктер де жоғары. Облыста ірі қара мал басы артып келеді.

Шаруалар үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 512,4 млн теңгеге 247 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет иелігіне қайтару жұмысы жалғасуда. Осы уақытқа дейін облыс көлемінде 110 мың 350 гектарды құрайтын 96 жер учаскесі қайтарылды, - деді облыс әкімі.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, аудан тұрғындарының 99,9% таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2026 жылға дейін Кешенді жоспар аясында ауданның 4 ауылында су құбырлары жөнделеді. Жол құрылысында былтыр 59 жоба іске асып, 329,6 шақырым жол күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден өтті.

2025 жылға дейін облыстағы 800 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарда бар. Жылдар бойы көтерілген мәселенің бірі – облыстық маңызы бар «Аягөз–Қарауыл–Семей–Қайнар» тас жолының 44 шақырымын жөндеуге қаражат бөлінді, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс басшысы сапалы әрі қолжетімді медицинаға ден қою қажет екендігін атап өтті. Өткен жылы аудандық аурухананың 3-ші қабатына күрделі жөндеу жүргізілген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 2025 жылға дейін облыста алғашқы медициналық көмек көрсететін 65 нысан салу жоспарда бар. Жоба аясында ауданда Саржал ауылында дәрігерлік амбулатория, Медеу және Орда ауылдарында медициналық пункт салу жоспарланған.

«Оқушы орын тапшылығын азайту мақсатында былтыр облыста 1700 орындық 4 жаңа мектеп салынды. Ауданда да орын тапшылығы бар. Келешекте Қарауылда 200 орындық интернат салуды жоспарлап отырмыз», - деді өңір басшысы.

Есептік кездесуден кейін облыс басшысы аудан тұрғындарының жеке мәселелеріне қатысты жеке қабылдау өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға