Ұлттық домбыра күніне орай Абай облысында ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Соның аясында 200 полицей "Адай" күйін орындады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Іс-шара Семей қаласындағы Абай музейінің алдында өтті. Құқық қорғау саласының өкілдері әйгілі Құрманғазының “Адай” күйін бір оркестр болып орындап, ұлттық мұраға деген құрметін көрсетті.
Айта кетсек, флешмоб республикалық “Заң мен Тәртіп” акциясы аясында ұйымдастырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

