Абай облысында 200 автокөлік ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда тұрып қалды. Полицейлер тізілген көліктер колоннасын алып жүруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
200 автокөлік, оның 70-і жүк көлігі Аягөзден Таскескен ауылына дейін ұйымдасқан түрде бір реттік рұқсат қағаздары арқылы қозғалып келеді.
Колоннаның алдында Citic Construction Cо компаниясының арнайы техникасы жолды қардан тазартып, қиын учаскелерден өтуге көмектесуде. Полиция жүргізушілерге жолда мұқият болуды, қашықтықты сақтауды және полиция қызметкерлерінің нұсқауларына бағынуды ескертеді,-делінген облыстық ПД мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

