Абай облысында 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
22.09.2023 22:48
Фото:
Абай облысының әкімдігі
Биыл облысқа пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер қайтарылып, жалпы көлемі 387,9 мың гектарды құрайтын 348 жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімдігінің деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Тапсырманы тиімді жүзеге асыру үшін Абай облысының әкімдігі пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық шағын топ құрды.
Барлық анықталған фактілер заңнамада көзделген қажетті шараларды іске асыру үшін Абай облысының жер ресурстарын басқару басқармасына жіберілді.
Қайтарылған жер телімдерін жергілікті атқарушы органдар заңға сәйкес ауыл тұрғындарының қажеттіліктері үшін бөлетін болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

