Абаттандыру ережесін бұзған 103 астаналық жауапқа тартылды
21.05.2023 07:18
Фото:
© Polisia.kz
Елордада абаттандыру ережесін бұзған 103 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру және рұқсат етілмеген үйінділерді қалыптастыру ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында 18 мамыр мен 24 мамыр аралығында «Таза қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп делінген Polisia.kz таратқан хабарламада.
Талдау көрсеткендей, негізінен құрылыс компаниялары табиғат қорғау заңнамасын бұзып жатады. Іс-шараның алғашқы күнінде 254 заң бұзушылық анықталып, оның ішінде ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша қала аумағын абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 103 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

