Жаңалықтар

«Ақылды қару»: қару өндірісінің инновациясы

Бұл инновация кішкентай балалардың қаруды абайсызда іске қосудан және адамды суицидтен сақтайтындығымен ерекшеленеді.
12.01.2016 03:24 4108

Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обама Ақ үйде болған жиналыста «ақылды қару» шығаруды қолдайтындығын жария етті. АҚШ Конституциясының екінші толықтырылуы бойынша азаматтарға қару ұстау заңдастырылған. Сол себепті атылған оқтың салдарынан жылына отыз мыңнан астам адам қаза табады екен.

«Ақылды қару»: қару өндірісінің инновациясы

Президент заңға шектеулер қоюға тырысқан болатын. Алайда конгресс бұған жол бермеді. Ендігі кезекте Обама қару ұстауға шектелген реформа жүргізуге жоспарлап отыр. Ақылды қару енгізу мен қаруды сатып алушылардың биографиясын толықтай тексеру арқылы елдегі қылмысты жағдайлардың және адам өлімінің азаюы күтілуде.

Ақылды қару - қаруға тіркелген адам ғана қолдана алатын ату құралы. Бұл қауіпсіздік шарасы кездейсоқ атыстан, қаруды ұрлаудан, қару иеленушіге қарсы атыстан және қаруды дұрыс қолданбаудан сақтайды. Ақылды қару тіркелген қолданушыларды тіркелмегендерден келесі түрлі жолдар арқылы ажыратады: жақындық жетондары, RFID чиптері, саусақ таңбасын тану немесе механикалық құлыптар арқылы. Бұл инновация кішкентай балалардың қаруды абайсызда іске қосудан сақтайтындығымен және тіркелмеген адамды суицидтен сақтайтындығымен ерекшеленеді.

«Ақылды қару»: қару өндірісінің инновациясы

Ескере кететін жәйт, ақылды қару тіркелген адамдарды қылмысқа барудан сақтай алмайды. Алайда жергілікті жерге тіркелген ақылды қару иеленушіні сол мекенде қылмысқа барудан құтқарады.

Заң жүзінде міндеттеу

Сан-Франциско полициясының  бастығы Грег Шур жаңа технологияны қолдап, бұл қару полиция қызметкелеріне қарсы оқ атудан және ұрланған қаруларды жарамсыз қылуға үлкен көмек береді деді. Ричард Беари, Полициялардың басшыларының халықаралық ассоциациясының президенті, Вашингтон Постқа берген сұхбатында көптеген агенттіктер «смарт ган» технологиясын бета тестілеуге ниетті екенін айтты.

Әлеуетті шығындар мен зияны

Кейбір ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары ақылды қару иелері мен қаруы жоқтарға жаңа күрделі қауіпсіздік мәселелерін тудыру мүмкін деп тұжырымдайды.

Биометрия өткізу үшін(тіркелген қолданушыны тану) уақыт кетеді, ал қолданушы қысым астында болғанда «танып, білу» нақты болмайды.  Шұғыл әрі өмірге қауіпті кездерде бұл өте ыңғайсыз екені айдан анық.

Жеке қорғаныс жағдайында смарт қару істен шығуы да мүмкін деседі. Қолайсыз температура немесе ылғалдылық қарудың электроникасын зақымдап, батареясының шыдамсыздығына соқтыра алады. Сонымен қатар, ақылды қарудың қалыпты жағдайдан ату режиміне өту аралығы едәуір уақыт алады екен.

Жаңа инновациялық өнімге қатысты көп сын айтылса да, сауалнамаға қатысқан халықтың 3/2 Обаманың саясатын қолдап, қаруды қолдануға шектеу қоюды талап етіп отыр. 


Айсауле Нұрлыбек

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға