Жаңалықтар

Ақылбек Күрішбаев: «Конституция- кез келген мемлекеттің іргетасы»

Ақылбек Күрішбаев: «Конституция- кез келген мемлекеттің іргетасы»
24.05.2022 15:01 2565

Бүгін, «Жоғары көлік және коммуникация колледжінде» Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы және «Қазақ қызы» қоғамдық ұйымы төрайымы Қарақат Әбденмен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы» кездесу өтті.

Ақылбек Күрішбаев: «Конституция- кез келген мемлекеттің іргетасы»

Кездесудің мақсаты – оқу орнының оқытушылары мен 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие жастарға референдумның мән-мақсатын түсіндіріп және 5 маусымда референдумға халықты белсенді қатысуға шақырды.

«Қазіргі ұсынылып отырған референдум ол дамыған елдердің жобасына қарап жасақталды. Біріншіден конституциялық өзгерістер болашақ еліміздің темірқазығы, ең негізі деуге толық негіз бар. Біздің қоғамға үлкен өзгерістер керек. Қазіргі парламент пен жаңа қазақстанды құрамыз деп айта алмаймын. Өйткені, парламент басында нағыз халықтың мұң-мұқтажын жеткізетін азамат болу қажет. Бізе халықтың сөзін сөйлейтін азаматтар керек. Сонда ғана үлкен өзгерістер болады",- деді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Конституциялық реформа – Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуының негізі. Конституциялық реформа – Қазақстанның дамуындағы жаңа дәуір. Өз еліне деген сүйіспеншілік, өз елінің конституциялық нормаларын ұстану және өзінің жеке және басқа ұлттардың дәстүрлері мен мәдени мұраларын құрметтеу жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.

«Біздің билік басындағы азаматтар шеттерінен жемқор. Ақша талан-таражға кетіп жатыр. Бұған дейін қаншама шенеуніктер ұсталса да, жағдай қайталанып жатыр. Міне бізге осыны тоқтату керек. Депутаттар әрбір мәселені ашып, жағдайды халыққа жеткізіп отыру керек. Сонда ғана бізде өзгеріс болады. Осы мәселелер бойынша Мемлекет басшысы 27 жылдан кейін референдумға шақырып отыр. Бұл басшылық тарапынан батыл шешім. Жаңа конституцияны, халықпен санаспай-ақ, сенат пен мәжіліс депутаттарын жинап, өзгерістер енгізуге болар еді. Алайда, Президент бұл демократиялық жол емес екенін түсініп отыр. Халықтың өзі дауыс беріп, оянсын деп отыр. Қазір заман өзгерді. Конституция - кез келген мемлекеттің іргетасы. Сол себепті 5 маусым күні болатын жалпыхалықтық референдумге әрбір Қазақстан азаматын дауыс беруге шақырамын»,- деді Ақылбек Күрішбаев

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға