Жаңалықтар

АҚТАУДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ КОРЕЙ ХАЛҚЫНЫҢ «ЧУСОК» МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

АҚТАУДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ КОРЕЙ ХАЛҚЫНЫҢ «ЧУСОК» МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
14.10.2018 11:34 2712

Ақтау қаласында  корей этномәдени бірлестігі «Чусок» мейрамын атап өтті.

«Чусок» – қыркүйек айы мен қазан айы аралығында тойланатын кәріс халқының ең атаулы мерекелерінің бірі.

Мерекелік кеште корей халқының ұлттық тағамдары және қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Жиналған қауымның көңілдерін көтеру мақсатында ән шырқалып, би биленіп, қызықты ойындар йнатылды. «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова келген қонақтарды корей халқының мәдениеті және салт-дәстүрімен таныстырды.

Маңғыстау облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы, МО ӘА «Қоғамдық Келісім» КММ директоры Аманкүл Әбдіғалиқызы және этномәдени бірлестік төрағалары кеш қонақтарын «Чусок» мерекесімен құттықтап жылы лебіздерін арнады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға