Ақтаудағы пәтерден ер мен әйелдің мәйіті табылды
Фото: дереккөз
Фото: дереккөз
17.08.2022 23:51
1311
Маңғыстау облысында көпқабаттың үйдегі пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды EL.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында «102» кезекші пультіне 14 шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер мен әйел адамның мәйіттері табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, - делінген полиция мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министрлік денешынықтыру пәніне қатысты шуға түсініктеме берді
Келесі жаңалық
Елімізде тағы екі жайлы мектеп ашылды