Жаңалықтар

Ақтауда Шевченконың 205 жылдығы атап өтілді

Ақтауда Шевченконың 205 жылдығы атап өтілді
03.04.2019 11:23 2328

Ақтауда облыстық кітапхана ғимаратында белгілі украин халқының ақыны Тарас Шевченконың 205 жылдығына орай музыкалық-поэтикалық кеш өтті.

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бұл кеште балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары орыс және қазақ тілдерінде ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Оқушылар ақын өмірбаянының негізгі кезеңдерімен, соның ішінде Маңғыстау өңіріне жер аударылған жылдардағы өмірімен және ақын шығармашылығының маңыздылығымен танысты.

Сонымен қатар, «Червона калина» мен «Смеричка» шығармашылық ұжымдары Т. Шевченконың сөзіне жазылған әндерін орындады.
Ақынның есімін ұлықтауға арналған аталмыш шарадан бөлек, ол жер аударылған Түпқараған ауданының 12 балабақша арасында байқау ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Ақтауда Т. Шевченко ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сол күні «Казахские народные мотивы в творчестве Т. Шевченко» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Ал мәдениет үйінде жалғасқан мерекелік кеште шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға