Жаңалықтар

Ақтауда полиция көлігі апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар

Арнайы жарықпен белгі беру құралы қосылған полиция көлігі түнгі сағат 2 шамасында шақыртуға бара жатқан екен.
Ақтауда полиция көлігі апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар
Фото: ашық дереккөзден 12.10.2022 01:20 1303

Ақтауда полиция көлігінің қатысуымен болған жол апатынан 5 адам жарақат алды. Оның үшеуі – тәртіп сақшысы, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Газель» маркалы қызметтік көліктің көше қиылысында қозғалған сәтінде сол жағынан жеңіл машина шыққаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Арнайы жарықпен белгі беру құралы қосылған полиция көлігі түнгі сағат 2 шамасында шақыртуға бара жатқан екен. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай жолдан өтпек болған. 

Апат кезінде соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.  

 Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қызметтік автокөлік жүргізушісіне ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды - дейді ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Әйгерім Ибадуллаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға